Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2963 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:42

АҚШ Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуын сынға алды

АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа есебінде Қазақстандағы сөз, дін, жиналып ойларын білдіру еркіндігі мен сот жүйесінің тәуелділігі адам құқықтары саласындағы күрделі проблема болып отырғаны айтылған.

2015 жылдағы әлемнің адам құқықтарын қорғау жөніндегі баяндамасы "тұрғындардың үкіметті еркін әрі таза сайлау арқылы өзгерту құқығынан шеттетілгені" сынға алынған.

Баяндамада "1 қаңтардан бастап күшіне енген қылмыстық және әкімшілік кодекстер және сауда одағы туралы заң азаматтардың бостандығына жаңа шектеулер қойылатыны" айтылған. Баяндамада сонымен бірге "түрмедегі сотталушылардың жағдайы, олардың зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайтыны, әскердегі өлімдер, жас сарбаздарды азаптайтыны" атап өтілген.

Авторлар үкіметтің коррупциямен күресті қолға алғаны, бірақ елде жемқорлықтың тыйылмай келе жатқанын баяндаған. Онда әсіресе билікте және құқық қорғау органдарында байланысы бар адамдардың көбінесе жазасыз қалатыны атап өтілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508