Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3556 0 пікір 13 Сәуір, 2016 сағат 09:44

НАЗАРБАЕВ ИРАН БИЗНЕСМЕНДЕРІН ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

Тегеранда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ирандық компаниялар өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, Назарбаев ирандық бизнесмендерді Түркіменстан арқылы Иран мен Қазақстанды жалғайтын теміржолдың мүмкіндіктерін барынша пайдалануға шақырған.

Кездесуге Иранның энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен тау-кен өндіріс салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам компаниясы өкілдері қатысқан.

Назарбаев Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүшелігі Иранның Қазақстан арқылы осы одақтағы басқа да елдермен кеден салығынсыз сауда жасауына мүмкіндік беретінін айтқан. Ол сонымен қатар ирандық бизнесмендерді Қазақстан инвесторларға үлкен жеңілдік ұсына алатынына да сендірген.

Назарбаев кездесуде Қазақстан Иранмен медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы кешені, ғарыштық технология саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізген.

Назарбаев Тегеранға екі күндік сапармен кеше барған. 11 сәуірде ол Иран президенті Хассан Роуханимен және осы елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеймен кездескен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 382
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 416
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 393