Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3353 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 11:41

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ МӘЙІТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕТІП ЖАЗАЛАЙДЫ

Мас күйінде болатын жол-көлік оқиғасымен күресу үшін Тайланд заң бұзушыларды мастықпен көлік айдау неге әкеп соғатынын өз көздерімен көруі үшін мәйітханада жұмыс істеумен жазалайды, - деп хабарлады Қазақпарат Associated Press басылымына сілтеме жасап. 

Әсіресе, жол-көлік оқиғасы сәуірдегі тайлық Жаңа жыл атап өтілетін Сонгкран уақытында жиі орын алады. Жеті күн мерекеде әр сағат сайын Тайланд жолдарында статистика бойынша 2,3 адам қаза табады.

 «Жол ережесін бұзған жүргізушілер сотта айыпты деп танылып, мәйітханаға, ауруханаға жұмыс істеуге жіберіледі», - деп мәлімдеді полициядан.

Полицияда заң бұзушылар «тәннің де, жанның да жарақатын» көруі тиіс екенін атап өтті. Олар мәйітхананы тазалап, мүрделерді тасу жұмыстарына тартылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485