Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4547 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 10:58

ҰЛТЖАНДЫ ДЕГЕНДЕР НЕГЕ ҮНСІЗ?

Қазіргі кезде бәрін ұлтжанды, қоғам қайраткері дейтін болды. Ұлтжандылар депутат болды деп қуанып, құттықтап жатады.

Ұлтжандылықты кім қалай түсінеді. Көпшіліктің ойынша өз жұмысын істеп жалақы алып, әр уақытта дастарxан басында болашағымыз туралы ұрандатып ойларын айтып қойғандарды ұлтжанды деп түсінсе керек. Шаxанов бастаған тіл мәселесі бойынша, "қазақстандық" деген паспорт шыққан кезде, кедендік одаққа кіргенімізде, еуроазиялық одаққа кіріуге, атомдық АЭС ке, Ресейдің зымырандары құлап, гептил шашылып, киіктеріміз, қолдағы малдар қырылып жатқанына, Ресейге әскери полигондарына жерді арендаға берілуіне қарсы, Қазақстанның әуе кеңістігін Ресейге берілуіне қарсы, ауылшаруашылық саласына Қытайдың алыптарының келуіне қарсы, білім министрінің ақылсыз өзгерістеріне қарсы, тағы басқалары, ең соңғысы жер сатылу мәселесі бойынша сол ұлтжанды деп жүрген депутаттарыңның бірі шығып көпшілік қол қойып жатқан ашық xаттарға қолдарын қойып, бұқаралық ақпарат құралдарынан сөйлегендерін көрдіңдер ме?

Хайрулла Ғабжалилов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір