Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5133 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 10:18

ҚАЗАҚҚА ЖАНЫ ҚАС ЖИРИНОВСКИЙДІ РЕСЕЙ ҰЛЫҚТАП ЖАТЫР

Мәскеу РФ Думасының депутаты, РЛДП төрағасы Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатты. Бұл туралы BBC-дің ресейлік қызметі хабарлады.

Жириновскийдің қоладан құйылған ескерткіші Мәскеудегі «Әлемдік өркендеу институтының» ауласына орнатылған. Ескерткіш мүсіннің авторы ресейлік һәм кеңес КСРО сәулетшісі Зураб Церетели екен.

«Тіпті маған арнап ескерткіш ашады деп ойламаппын. Мен сондай бір атақты адам емеспін. Ғалым да емеспін. Сірә, бұл менің саяси қайраткерлігіме берілген баға болса керек. Бүгінгі күн адамзат тарихында несімен есте қалады? Әрине, дәл осы салтанатты шарамен!», - дейді Владимир Жириновский.

Ресей Думасының дүмше депутаты экран алдында өзінің шовинистік әм агрессорлық мәлімдемелерімен танылып үлгерген. Әсіресе Қазақстанның мемлекеттік территориясына көз алартып, еліміздің солтүстік өңірлеріне шүйліккені тағы есімізде. Алматы қаласында туған ресейлік саясаткер ОА елдерін оккупациялау туралы мәлімдемелері қоғамдық ортада қызу талқыланып, тіпті кейбір ОА елдеріне кіру құқынан айрылған да.

РФ Думасының депутаты Жириновский мырзаның соңғы баяндамалары Брюсселдегі террактіге бағытталған еді. Онда Жириновский еуропалықтарға «жарылып өле беріңіздер» деген еді.

Сондай-ақ, Украинадағы жанжалдарға қатысты пікірлерін жиі білдіріп, Киев пен Еуропаны бомбалау туралы ұсыныс жасаған.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448