Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3529 1 пікір 11 Сәуір, 2016 сағат 12:04

ПУТИН "ЫҢҒАЙСЫЗ" СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕК

14 сәуірде Ресей президентінің ел тұрғындарының сұрақтарына жауап беруіне арналған дәстүрлі «Владимир Путинмен тікелей байланыс» ұйымдастырылады.

Өткен екі аптаның қорытындысы бойынша Путинге қойылуы мүмкін ең өткір сұрақтардың тізімі мынандай: "Панамагейт" журналистік зерттеулеріндегі ресейлік президенттің достары офшорда тыққан екі миллиард доллар шын мәнінде оған тиесілі ме; және тек Путинге бағынатын Ұлттық гвардияның құрылуы ол төңкерістен қорқады дегенді білдіре ме?

Бірінші сұраққа президент бұған дейін жартылай жауап берді деуге болады. Путин "панамалық құжатта" есімінің аталмайтынын мәлімдеді және бұл құжаттардан жемқорлықтың ізін де байқамайтынын айтты.

Журналистермен тілдескен Путин: "Ресей президентінің бір досы бар екен, ол бір жерде бірдеңе істепті, мүмкін жемқорлықпен айналысқан шығар... деп жазады. Қандай? Ешқандай, өйткені ол жерде ештеңе жоқ",- деген болатын.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 607
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 711
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 662