Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3461 0 пікір 11 Сәуір, 2016 сағат 12:01

ҚАЗАҚСТАНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ КӨШІРІЛЕДІ

Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті бүгінге дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы 43 елді мекеннің су астында қалғанын хабарлады.

Су тасқыны басталғалы бері 513 тұрғын үй жайларын су басқан, тағы 201 үй әлі суда тұр деген хабар бар. Автокөлік жолдарының 190 бөлігін су басқан және шайып кеткен, екі көпір суға кеткен. Төтенше жағдайлар аймағынан 961 адам көшірілген, оның 464-і қазір үйлеріне оралған, 468 адам туыстарын паналауда және 29 адам эвакуация бекеттерінде тұрып жатыр. .

Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдай аймақтарында уақытша қорғаныш дамбалары тұрғызылғанын, еріген қар суын арнайы техника көмегімен сорып алып жатқандарын хабарлайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 601
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 703
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 653