Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3616 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 10:28

ҚОСТАНАЙДАҒЫ МҰЗ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ІСІ БОЙЫНША БІРНЕШЕ ШЕНЕУНІК СОТТАЛДЫ

Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян пара алды деп айыпталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.


Қостанай әкімдігінің тұрын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы бастығы Жеңіс Шинкин мен «СМУ-2010» компаниясының директоры Александр Бобровный өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға түсірді және жеке басына иемденді деген айыппен тоғыз және жеті жылға сотталды.

Тергеу орындары былтырғы жылдың 20 сәуірінде Аракелян Шинкинмен бірге жекеменшік компанияның жетекшісінен мұз қалашықтарын тұрғызуға қатысты сайыста жеңіп шығуды қамтамасыз ету үшін, 300 мың теңге алды деп айыптаған. Сонымен бірге, Шинкин пара алды және берді, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталды.

Былтырғы жылдың тамызында Фрунзик Аракелян қамауға алынғаннан кейін, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов ұсталған еді. Ол пара алғаны, қызмет бабын теріс пайдаланғаны және кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін айыпталады. Оның ісін қарауды сот 25 қаңтарда бастады.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413