Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 6282 0 пікір 7 Сәуір, 2016 сағат 17:25

МИНИСТР МЫРЗА БҮЙ ДЕП ЖАТЫР...

Жақында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлының бір бұйрықтан 53 қате жібергендігі туралы жазған болатынбыз. Бұл ақпарат әлеуметтік желі мен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына тегіс тарап, дүйім жұрт Арыстанбек мырзаны «ағаш атқа теріс отырғызып», сыбаған-тын.

Енді Мәдениет әм спорт министрі бұйрықтағы қатені қалай жібергендігін Tengrinews.kz тілшісіне түсіндіріп беріпті.

«Ол жерде тап-таза техникалық қателік кеткен. Ол құжаттардың түп-нұсқасында қателіктер мүлде жоқ. Мысалы, ол құжаттарды компьютерге салғанда қазақ тіліндегі «Қ» әріпі құйрықсыз – «К» болып көрінеді. Ал «Ә» әріпі «А» болып көрінеді. «Әділет» бағдарламасында мұндай қателіктер жиі жіберіледі. Соған қарағанда олардың компьютерлерінде ақау болуы мүмкін. Маған қазір сол құжаттардың түп-нұсқасын алып келді. «Әділет» бағдарламасы көрсеткен ол құжаттармен салыстырып қарасам, түп-нұсқада ешқандай қателіктер жоқ. Мен өзім қазақ тілінің орфографиясына жіті назар аударамын және мұндай өрескел қателіктерді болдырмау үшін қызмет етемін»,-дейді министр мырза.

Сондай-ақ, Мәдениет министрі мұқият қарап, қатесін тауып алған журналистерге де алғысын айтыпты. 

«Біз осындай жағдайларға алаңдап, мұқият қадағалап отыратын қырағы журналистерге алғыс айтамыз. Себебі, осындай жағдайлардан кейін біз әрбір ісімізге мұқият болуға ұмтыламыз. Бұл өте дұрыс. Негізі қарбаласып жүріп, кей дүниелерге мән бермей жатамыз. Сондықтан осындай жағдайлар болып қалады. Журналистер бар кезде біз де өз ісімізге одан әрі қырағы болуымыз керек»,-деп жатыр Арыстанбек Мұхамәдиұлы.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053