Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3415 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 11:45

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫ 3,8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТТІ

2015 жылдың 31 желтоқсанында Қырғызстанның мемлекеттік борышы 288 миллиард 803,9 миллион сомға (3 миллиард 805,1 миллион АҚШ доллары) жетті. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Дерек бойынша оның 3,6 миллиард доллары немесе жалпы қарыздың 95 пайызы - Қырғызстанның сыртқы борышы, қалған 204 миллион доллар – ішкі берешек. 2015 жылы сыртқы қарызды өтеуге 7 миллиард 483,7 миллион, ішкі борышқа - 6 миллиард 880,7 миллион сом жұмсалған.

Қаржы министрлігі бұған дейін Қырғызстан бәрінен де Қытайға көп қарыз екенін мәлімдеген. Оның сомасы 1,1 миллиард доллар. Одан кейін Халықаралық даму қауымдастығы (652 миллион доллар), Азия даму банкі (565 миллион доллар) секілді халықаралық қаржы ұйымдары тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385