Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Абай.tv 6603 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 11:16

САТ! САТ! САТ!

ҚАЗАҚ ЖЕРІ САУДАҒА ТҮСПЕК. АЛ, ҚАЗАҚ ҮНСІЗ...атты мақалаға орай жазылған оқырман пікірі:

Соңғы кездері мен, интернетке кірген әр күнімде, әрбір сәтімде: "Тағы да халыққа қарсы қандай Заңдар қабылдағалы жатыр екен?"-деп алаңдайтын, тіпті қорқатын болып жүрмін. Біресе , ақылы медицина, біресе, ақылы білім беру (жекеменшік мектеп), біресе жерді аукционмен сату... Сату, сату тағы да сату! Қырғыздардың әнебір ащы, әзіл әндері бар еді ғой, "...Сат! Сат! Бәрін сат!...Қолтығыңның жүнін сат!" - деп келетін... Тура сол ғой бізде! Бұлар келешек ұрпаққа бірдеңе қалдыра ма, жоқ па?! Жоқ, "қазақ" деген ұлтты , "Қазақстан" деген елді құртып тынбақ па? Ширек ғасыр бойына, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде бір бағдарламаның іске асырылғанын көре алмай-ақ келеміз... Тек қана кері кету, тек қана қиындық, қиналу ...Сұмдық қой мыналары?!

Abai.kz cоmment

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052