Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5231 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:27

ОНАН ДА МЕНІҢ ӨМІРІМДІ СЕРИАЛ ЕТПЕЙ МЕ?

Қазақ сериалдарының сапасы түзеліп келеді деген пікір жиі айтылуда. Рас түзеліп келеді. Бірақ үйдегілер үнді сериалдарын көріп, теледидарды босатпайды.

Бірінде бітіп жатса, екінші арнадан басталып жатады ғой. Сари киген келіндерден қажып кетіп арасында ұлттық нақыштағы желетка киген Жанат Бақыттың әдемілігіне тамсанып жаңалық тыңдайын десең, босатпайды ғой тв-ны. Сосын амал жоқ ФБ-ға жүктеген суреттерін қараймын.

Қазақ сериалдарын көрермен көру үшін үнділерді үйлеріне қайтару керек қой. Қазақ сериалдары тәп-тәуір, бірақ кейбір көріністер жасанды, әртістер де шынайы ойнай алмайды.

Біздің ауыл сериалға сұранып тұр, тіпті әртіс әкелудің қажеті жоқ. Камераларыңды әкеліп менің күнделікті іс-әрекетімді түсіріп отырыңдаршы. Сценарий жазудың, грим-мримнің қажеті жоқ. Көрші үйге кіріп шай ішкенімді, сиырды өріске айдап жібергенімді, футбол ойнауға барғанымды, кешкісін қызға барғанымды түсіріп отырса, Анандиден асып түсетін сериал болар еді.

Дәулет Серікбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351