Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6388 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 10:55

ТӘЖІКСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІН ТАҢДАУЫ КЕРЕК

Азияның Даму Банкі дағдарыстан шығу үшін Тәжікстанға экономикалық дамудың жаңа моделін таңдауды ұсынды.

АДБ «дағдарыс кезінде уақытты құр өткізбей, мұны реформа жасауға берілген мүмкіндік есебінде қабылдауды» ұсынып отыр.

Азия Даму Банкінің Тәжікстандағы тұрақты өкілі Чанг Чинг ЮДушанбеде өткізген баспасөз жиынында Тәжікстандағы экономикалық дағдарыстың биыл да жалғасатынын айтты.

Чанг Чинг Ю республикаға бірінші кезекте Тәжікстанның басымдығы жоғары салаларды дамытуға ден қоюды ұсынады.«Гидроэнергетика, экотуризм, ауыл шаруашылығы секілді кейбір осындай салаларды атауға болады», - деді Чанг Чинг Ю.

АДБ болжауынша, биыл Тәжікстанның экономикалық дамуы 3,8 пайызға дейін кемиді. Былтыр Тәжікстан экономикасы 6 пайыз, ал 2014 жылы - 6,7 пайыз өсім көрсеткен еді.

Тәжікстан Азияның даму банкіне 1998 жылдан бері мүше, осы уақыт ішінде ұйым республикаға 1,4 миллиард доллар қайтымсыз көмек көрсетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052