Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Мәйекті 5199 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 09:17

РЕСЕЙ "ЭЙР АСТАНАНЫҢ" ҰШУЫНА РҰҚСАТ БЕРМЕЙ ОТЫР

Астана - Ұлан-Батыр әуе рейсіне қатысты түйткіл үкімет деңгейінде қаралуы мүмкін. Бұл туралы "Эйр Астана" компаниясының баспөз хатшысы мәлімдеді.

Мәселе осы күнге дейін дипломатиялық жолдармен шешілмей отыр. Сондықтан мәселеге үкімет араласуы мүмкін дейді, компания өкілі.

Еске сала кетейік, Ресей өз әуе кеңістігі арқылы Моңғoлия астанасына ұшатын қазақстандық рейске рұқсат бермей келеді. Көрші ел Транссібір бағыттары бойынша 300 шақырым әуе жолы үшін құн талап етуде. Ал ИКАО мәліметі бойынша, Транссібір бағыты жүйесіне Қазақстаннан Моңғолия, Қытай және Оңтүстік Кореяға ұшу кезінде қолданылатын әуе жолдары кірмейді.

Бір қызығы - Қазақстан ресейлік борттардың үшінші елдерге ұшуына ешқандай шектеулер қоймайды. Мәселен, бір аптада ресейлік әуе компаниялары Қазақстан арқылы шамамен 640 рейс жасаса, ал Қазақстан тарапы Ресей аумағы бойынша аптасына бар болғаны 25 рейс жасайды.

Айта кету керек, бүгіннен бастап "Эйр Астана" Мәскеуге кестеге сай қатынай бастады. Бұдан бұрын "Росавицация" Мәскеуге ұшуға да шектеу қойған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052