Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Абай.tv 6732 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 12:36

ҚҰРАН ҰРЛАУ КҮНӘ МА? (ОҚО-ДА ҚҰРАН ҰРЛАҒАН АДАМ ТАСПАҒА ТҮСІП ҚАЛҒАН)

Жақында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінен Мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы ұрланды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Жергілікті басылымнын ақпараттарына сүйенсек, Құранның ұрланған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Ворошиловка ауылындағы Акмаль Салих мешітінде болған.

"Ер адам мешітке асықпай кіріп, кітапты алып, асықпай шығып кетеді. Интернет қолданушылары ер адамның залдардың орналасуы мен қасиетті кітаптың тұратын жерін жақсы білгенін өз пікірлерінде жазған. Ұры мешітте қай кезде ешкімнің, тіпті имамның қай кезде болмайтынын білген сияқты", - дейді басылымның мәліметтерінде.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл видео ұрының кім екенін анықтау мақсатында таратылған. Пікір қалдырушылардың ойы қақ жарылды, олардың кейбірі кітапты ұрлаудың ұрлыққа жатпайтынын жазған. Енді біреулері мұндай пікірмен келіспейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052