Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7700 0 пікір 21 Наурыз, 2016 сағат 13:49

БАЯҒЫ ЖАРТАС: САЙЛАУ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясы жақтастарының форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың қортындысы жайлы пікірін білдірді.

"Кеше біз жеңіске жеттік. Қазақстандық бүкіл көпұлтты халық жеңіске жетті. Қазір ғана ҚХА сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 77 пайызы қатысты - бұл рекорд. Нұр Отан сайлаушылар дауысының 82 пайызына ие болды бұл рекорд", - деді Назарбаев.

Ол қазақстандықтарға олардың қолдауы мен бірлігі үшін алғыс айтты.

"Біз біртұтас екенімізді, кез келген қиындықты жеңе алатынымызды көрсеттік. (...) Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы демократиямыздың ұлы жетістігі", - деді Мемлекет басшысы форумда.

Еске сала кетейік, сайлау 20 наурызда 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.

ҚР ОСК мәліметінше, үш саяси партия: "Нұр Отан", ҚКХП және "Ақ жол" 7 пайыздан жоғары дауыс жинады.

Нақты деректерге сүйенсек, сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясына  82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясына  7,14, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына  7,18, «Бірлік» Саяси партиясына  0,29,  Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға  1,18, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясына  2 пайыз сайлаушылардың дауысы берілген.

Бұл сайлаудың қортындысы өткен сайлау қортындысынан алшақ кете қойған жоқ. 

Ол кезде нәтиже мынандай болған.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы 5621436 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,99 проценті;
Қазақстан Патриоттары Партиясы 57732 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,83 проценті;
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы 518405 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,47 проценті;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 116534 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,68 проценті;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 498788 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,19 проценті;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы 82623 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,19 проценті;
«Әділет» Демократиялық партиясы 45702 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,66 проценті.

2. Партиялық тізімдерге дауыс берудің қорытындылары бойынша депутаттық мандаттар төмендегіше бөлінді:
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы - 83
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы - 8
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы - 7.

Қош. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын кандидаттар үшін дауыс беруді аяқтады.

«Сайлаушылардың жалпы саны - 446 адам. Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны - 372. Дауыс беруге 372 сайлаушы қатысты. Үміткерлерге берілген дауыстардың саны келесідей: Әбдраxманов Сауытбек Әбдраxманұлы - 345, Божко Владимир Карпович - 349, Жұмаділдаева Наталья Васильевна - 343, Ким Роман Ухенович - 346, Микаелян Наринэ Гамлетовна - 336, Мурадов Ахмед Сейдарахманович - 339, Нурумов Шаймардан Усаинович - 337, Тимощенко Юрий Евгеньевич - 341, Хахазов Шакир Хусаинович - 342», - делінген Астана қалалық сайлау комиссиясының xаттамасында.  «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 94-1 - бабына сәйкес, ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған үміткерлердің тізімін Орталық сайлау комиссиясы 27 наурызға дейін жариялауы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445