Әлемдегі ең үлкен Ан-124 «Руслан» ұшағы Қарағанды әуежайына жағар май құйып алу үшін қонады
Қарағанды. 28 маусым. ҚазТАГ - Бүгін түс ауа Қарағанды әуежайына тұңғыш рет Ан-124 «Руслан» ұшағы келіп қонбақшы. Бұл туралы әуежайдағы дереккөз хабарлады.
«Біз жаңа ұшып-қону жолағына тұңғыш рет осындай ірі ұшақты қабылдамақшымыз. Бұл ұшақ Ростовтан Қытайға ұшып барады. Бізге отын құйып алу үшін қонады. Бортына 60-70 тонна отын құйып алады. Оны қабылдауға біз дайынбыз», - деді дереккөз.
Оның айтуынша, «Русланның» Қарағанды әуежайына қонып, отын құйып алуына «Волга-Днепр» авикомпаниясы қазақстандық авиакомпаниямен келісімге отырған.
Ауыр әскери-көлік «Руслан» ұшағы бүгінге әлемдегі ең үлкен әскери-тасымалдағыш көлік болып табылады.
Оның жүк бөлігінің жалпы көлемі 1050 текше метр, жүк көтергіштігі (арнайы рұқсатсыз) 50 тоннаға дейін.