Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4775 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 11:27

ҚАЗАҚТЫҢ ДАУЫ "ТОКАЛКА"

Озды ма, Пәлен, ойбай не?
Тозды ма, Түген, ойбай, не?
Қазақтың дауы – "токалка",
Қазақтың жауы – “той бәйге”

"Мал" болып жүріп, мал таптық,
Тақымды құртты, "талтақтық".
Қазақтың дауы - "госязык"
Қазақтың жауы – жалтақтық.

Пейілі әбден тарылып,
Шіріген байдың бәрі ұлық.
Қазақтың дауы - "преемник",
Қазақтың жауы – кәрілік.

Шекпенді жолы теп-тегіс,
Шенсіздің жолы кептеліс.
Қазақтың дауы – "ру талас"
Қазақтың жауы – бет тебіс.

“Тас атса дұшпан, аспен ұр”,
Отбасың үшін тас кемір.
Қазақтың дауы- "ресми тіл",
Қазақтың жауы - басқа "мир".

Тұлғаға сырттан түкірдік,
Табанда жатыр, шүкірлік.
Қазақтың дауы- Шыңғыс хан,
Қазақтың жауы - бүкірлік.

Дәстүр мен салтты талақтар,
Құтырды "қысқа балақтар".
Қазақтың дауы- "паранджа”,
Қазақтың жауы – “салафтар”.

Аз емес, Алаш алтаулық,
Алтауды құртқан аңқаулық.
Қазақтың дауы - "Ананди",
Қазақтың жауы - жалқаулық.

Дені сау жанды кем, қор ғып,
Шеттесе, оған ең қорлық.
Қазақтың дауы - "гостендер",
Қазақтың жауы- жемқорлық.

“Мінгізер атың ағаш па?”
Үндеме онда, жақ ашпа.
Қазақтың дауы- жершілдік,
Қазақтың жауы- “ағашка”.

Күтіп тұр, талай алда сын,
Қанатың халқым талмасын.
Қазақтың дауы таусылып,
Қазақтың жауы қалмасын!

СЕРІК АБАС-ШАХ

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395