Жексенбі, 20 Сәуір 2025
46 - сөз 5377 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 11:16

БАТПАҚТАҒЫ ТҰЛПАР

Мұхтар Шахановтың БАТПАҚ туралы айтқаны бар еді...

Бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып, шыға алмай қалады. Сүйресе де, сауырынан ұрса да суырма батпақ жібермейді. Сөйтсе, қайткен дейсіз ғой? Сол жердегі бір ақсақалдың ақылына жүгініп, батпаққа батып қалған әлгі тұлпардың алдынан үйір-үйір жылқыны қиқулатып қуып өтеді. үйірлестерінің шаңдатып шауып бара жатқанын көрген әлгі тұлпар намысқа тырысып, басы ғана қилтиып қалған батпақтан атып шығыпты...

Бүгінгінің батпаққа батып жатқан ұлдары да әлгі тұлпардан сабақ алса болады екен! "Көппен көрген ұлы той" деген. Бір-бірімізге демеуші болсақ...

Өз үйіріңнен бөлінбей жүру де бір бақыт екен ғой!

Серікбол Хасан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141