Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Билік 4535 0 пікір 13 Шілде, 2016 сағат 15:34

РОСКОСМОМ БАЙҚОҢЫРДАН КЕТПЕЙДІ

Ресей ғарыш агенттігінің басшысы Игорь Комаров Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында «Роскосмостың» Байқоңыр ғарыш айлағын тастап кету жоспарларында жоқ екенін мәлімдеген.

Комаровтың сөзінше, Байқоңырда салынған инфрақұрылымдардың ресурсы әлі сарқылмаған. Ол «Союз» зымыран-тасығышын Байқоңырдан көшіру мүмкін емес дейді. Көктемде Ресейдің Амур облысында Восточный ғарыш айлығынан бірінші зымыран ұшырылған болатын.

Ресейдің Байқоңырдан кетпейтіндігі жөнінде өткен аптада вице-премьер Дмитрий Рогозин де мәлімдеген. Ол Интерфакске берген сұхбатында «Роскосмос» басшысы ғарыш саласында Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге және Байқоңырдың техникалық мүмкіндіктерін дамытуға ниетті екенін айтты деген.

Ресей вице-премьері мен «Роскосмос» басшыларының мұндай мәлімдеме жасауына Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаевтың Мәскеу 2025 жылдан кейін Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудан бас тартуы мүмкін деген сөздері түрткі болды. Мәскеуде журналистермен кездесу кезінде ол Ресей бас тартқан жағдайда Қазақстан билігі Байқоңырды басқа елдерге жалға береді деген.

Ресей Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған. Қазақстанның вице-премьері Бақытжан Сағынтаевтың ақпараты бойынша, Ресей жалға алғаны үшін Қазақстанға жыл сайын 120 миллион доллар төлейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 982
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2512
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658