Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5737 0 пікір 12 Шілде, 2010 сағат 11:42

«ҚазМұнайГаз» үш еншілес компаниялары – «Қазақойл Ақтөбе», «Қазақтүркмұнай» мен MIBV-дегі қатысу үлесін ҚМГ БӨ-ге сатады

Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ - «ҚазМұнайГаз» ҰК (ҚМГ) келісімімен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақойл Ақтөбенің» (ҚОА)50% үлесін,  «Қазақтүркмұнайдың» (ҚТМ) 51% үлесін және «Маңғыстаумұнайгаздың» 100% акцияларын иеленетін Mangistau Investments B.V (MIBV)-дің 50% үлесін сатып алады, делінген ҚМГ БӨ таратқан хабарда.

Құжатта көрсетілгендей, осы үш активтердің құны $750 млн да, оның $350 млн-ы ҚОА 50% үлесінің құны, $70 млн-ы ҚТМ-нің 51% үлесінің құны және $330 млн-ы Mangistau Investments B.V. -ның 50% үлесінің құны.

Алдын ала мәліметтер бойынша, осы аталған мәміле нәтижесінде ҚМГ БӨ жиынтық өндірісінің өсуі 27%, ал 2Р категориялы дәлелденген және ықтимал қорланының өсуі 406 млн баррель (18,5%) болады.

«Бұл үлестерді сатып алуы ҚМГ БӨ-нің Қазақстандағы мұнай активтерін шоғырландырудағы рөлінің артып отырғанын көрсетеді. Бұл мәміле біздің компаниының өндіріс көлемін мен Қазақстандағы жұмыс істеу географиясын арттырады», - деді осы мәмілеге түсініктеме берген ҚМГ БӨ бас директоры Кенжебек Ибрашев. 

Credit Suisse мен Visor Capital инвестициялық банктердің әр қайсысы ҚМГ БӨ директорлар кеңесіне ҚМГ БӨ мәмілесі үшін төлеп отырған сомасы қаржылық көзқарас тұрғысынан әділ деген қорытынды берді. Бұл мәміле Қазақстанның тиісті реттеуіш органдарында тіреуден өткен соң 2010-шы жылы III-ші тоқсанда аяқталады деп күтілуде.

ҚМГ БӨ-нің ҚОА мен ҚТМ үлестеріне төлеген сомасы да да қаржылық көзқарас тұрғысынан әділ деген қорытындыны Deutsche Bank - те берді. 2010 жылдың IV тоқсанында аяқталады деп күтіліп отырған бұл мәміленың аяқталуы үшін Қазақстан реттеуіш органдарынан рұқсат алу керек те, ҚОА мен ҚТМ-ның басқа акционерлерінен өздерінің құқықтарынан бас тартатыны туралы келісім алу керек.

ҚМГ ҰК осы жылы бірқатар барлау жүргізілген блоктарды да ҚМГ БӨ-ге беру мәселесін қарастырып жатқанын қуаттады.

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша бірінші үштікке кіреді. «Қазгермұнай» және CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерін есептегенде, компанияның мұнай өндіру көлемі 2009 жылы 11,5 млн тоннаны құрады. Тәуелді компаниялардағы 2,2 млн баррель үлесті есептегенде, 2009 жылдың соңында ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорының көлемі 234 млн тоннаны (1,7 млрд баррель) құрады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы - Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау бойынша ұлттық оператор. ҚМГ ҰК-сы ҚМГ БӨ-нің қарапайым акцияларының шамамен 63%-на ие. ҚМГ ҰК акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.

ҚОА екі кеніш - Ақтөбе облысында орналасқан Әлібекмола мен Қожасай кеніштерін игеруге келісімшарттары бар. 2009-шы жылғы өндіру көлемі 0,93 млн тонна (тәулігіе 19 мың бөшке), дәлелденген және ықтимал қоры 30 млн тонна (мұнай баламасында 217 млн бөшке). ҚОА-ның екінші акционері Caspian Investments Resources.

ҚТМ-да жер қойнауын пайдаланудың екі келісімшарты бар: Маңғыстау облысындағы Батыс Елемес, Солтүстік-Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе; Ақтөбе облысында Лақтыбай мен Оңтүстік Қаратөбе. 2009 жылғы өндіріс көлемі 0,22 млн тонна (тәулігіне 4,5 мың бөшке), дәлелденген және ықтимал қоры 5,6 млн тонна (мұнай баламасымен 41 млн бөшке). ҚОА-ның екінші акционері Turkish Petroleum Corporation (TPAO) болып табылады.

Маңғыстаумұнайгаз Қазақстандағы ірі мұнайгаз компаниясы және мұнай өндіру және барлаумен айналысады. ММГ-дің өндіріс көлемі 2007 жылы 5,7 млн тонна болған, 2008 жылы  - 5,5 млн тонна және 2009 жылы - 5,7 млн тонна болды. 2Р категориясындағы дәлелденген және ықтимал қоры 78,9 млн тонна (556 млн бөшке) деп бағаланып отыр. ММГ-дің негізгі активтері Батыс Қазақстандағы Қаламқас пен Жетібай кеніштері. Геологиялық барлау мен мұнай өндіруге ММГ - де барлығы 15 лицензиясы бар.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036