Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5231 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 12:28

ИМАМДАР ШЫН КҮРЕСЕДІ. «АҚНИЕТ» ӨТІРІК ТІРЕСЕДІ

Бір депутат «Ақтөбе оқиғасына билік кінәсіз, бұған кінәлі имамдар, ақшаны жеп қойған, жұмыс жүргізбеген» деген ой айтыпты....миым солқылдап осы сөзді түсіне  алмай отырмын. Имамдар салафизммен тегін күреседі. Ал,   «Ақниетке» (ақпарат-насихат және оңалту орталығын айтады.-ред) болса ҰҚК салафизммен күресті желеу етіп пәленбай миллион ақша бөлдіртеді. Имамдар шын күреседі. «Ақниет» өтірік тіреседі. Нәтижеде «Салафизм жасасын!» болып шығады. Себебі салафизмнің артында ақша бар, үлкен саясат бар. Ақша бар жерде ол өлмейді, себебі өлтіртпейді. Таяқты жейтін қарапайым қазақ, күнәсіз халық... Сонда біз мемлекетті халықты езсін, имамды илесін деп құрдық па? Елбасы айтты: «Бүлікті салафтар жасады», - деп. Онда неге оларға ақша беріп жұмсайды?..

Ғалым деген атым болса да осыған миым жетпейді. Мұндай мимен Астанада жүргенше, ғылымды да, бәрін тастап Қаратауға, үңгірге кеткен жөн-ау.. Сопы, аскет болып зікір салып жан тыныштығымен қауышсам...ең басты бақыт сол. Мақсаты, мүддесі белгісіз мұндай саясаты құрысын...

Досай Кенжетай

FB-дағы парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627