Астанада EXPO-2017 өтетін жағдайда Қазақстан оны энергетика мәселесіне арнамақшы
Астана. 17 тамыз. ҚазТАГ - Астанада халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтетін жағдайда Қазақстан оны энергетика мәселесіне арнамақшы, деп ҚР экономикалық даму және сауда министрілігінің (ЭДСМ) баспасөз қызметі сейсенбі күні мәлім етті.
«2017-ші жылғы көрме үшін Қазақстан, әлемде қуат көздерінің балама көздерін енгізу мен қуат үнемдеу мәселелері күн өткен сайын өзекті болып тұрғындағынан «Келешек энергетикасын дамыту. Энергетиканың жаңа түрлері» тақырыбын таңдады», - делінген траратылған хабарда.
Баспасөз қызметі Астана 2017-ші жылы ЕХРО көрмесін өткізуге өтініш білдіргенін еске салады. ЭДСМ мәліметтерінше Қазақстанға бұл мәселеде бәсекелес ретінде Эдмонтон немесе Монреаль (Канада), Льеж (Бельгия) және Лилль (Франция) таласпақшы.
Астана кандидатурасы бекітілген жағдайда, дейді баспасөз қызметі, жаңа бизнес орталықтар құрылысын салу, қонақ үйлер мен көрме кешендерін салу қажет болады.
«Жалпы айтқанда ЕХРО-2017-ні Астанада өткізу Қазақстанның шетелдегі танымдылығын арттырып, иммиджін өсіреді. Ал біздің республиканың елордасы үшін ЕХРО мұрасы оны ірі халықаралық көрме және ақпараттық-танымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік бермек», - деп ведомстводағылар ойлайды.

Қазақстан Испанияның Сарагос қаласында өткен ЕХРО-2008-ге қатысушы 104 елдің ішінде үшінші орын алды. 2012-ші жылы аталған көрме Ёсу (Оңтүстік Корея) және 2015 жылы - Миланда (Италия) өтеді. Қазақстан ЕХРО-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді және халықаралық көрмелер бюросының 1997 жылдан бері мүшщесі болып табылады.