Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3011 0 пікір 17 Тамыз, 2010 сағат 10:51

Шығыс Қазақстанда жергілікті шаруалар қымыз ашытуды дамытуға қолөнер технологиясы тежеуіл болып отыр дейді

Өскемен. 17 тамыз. ҚазТАГ - Қымыз өндірісін дамыту үшін оны ашыту технолгиясының бір бөлігін механикаландыру керек. ШҚО Қатон-Қарағай ауданы қымыз ашытушылары аудан әкімшілігімен кездесінде осындай пікір білдірді.

«Қатон қымызы өте үлкен сұранысқа ие болғанына қарамай, біз оның өндірісін ұлғайта алмаймыз. Оған тежеуіл болып отырғаны еңбекті көп қажет ететін, ешқандай автоматтандырылмаған еңбек болып тұр. Елестетіп көріңізші, әрбір қымыз шаруашылығында 20 бие бар болса, олардың әрқайсысын күніне 7 рет сауу керек, сүтті бірнеше рет ашытқыға қосу керек. Мұның барлығы ауыр қол еңбегі, әдетте, отбасылық бизнес, және оның көбі балалардың көмегіне байланысты болады», - дейді фермерлер.

Қатон қымыз ашытушыларының пікірінше, қымыз өндірісінің қуатын арттыру үшін оның бір бөлігін автоматтандыру керек. Тіпті болмаса месі пісуді. Бұл ретте шаруашылықтардың көбі электр жарығы жоқ жайлауларда екенін ұмытпаған жөн.

«Бәлкім ол күн сәулесінен жұмыс істейтін, не бензин электргегнераторлар болуы мүмкін», -  дейді жылқышылар.

Қазір Қатон-Қарағай ауданында қымыз ашытумен айналысатын 24 нүкте бар. Орташа есеппен күніне 500 бие сауылып, тәулігіне 2 тонна қымыз ашытылады. Аудандағы қымыз бағасы литіріне Т250-350 шамасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5358