Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3053 0 пікір 17 Тамыз, 2010 сағат 10:58

Маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде болған оқиғалар алдын ала жоспарланған – мемлекеттік комиссия

Бішкек. 17 тамыз. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалардың себептерін анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Әбдіғаны Эркебаев Ош және Жалал - Абад облыстарындағы оқиғалар алдын ала жоспарланған және ұйымдастырылған деп есептейді.

«Ош және Жалал - Абад облыстарында маусым айында болған оқиғалар аяқ астынан және өздігінен туындаған жоқ, олар сәуір айында жоспарланған. Ош және Жалал-Абад облыстарындағы өзбек және қырғыз ұлттарының өкілдері осындай пікірді ұстанып отыр», - деп мәлім етті мемлекеттік комиссияның жетекшісі сейсенбі күні брифингте.

Ә. Эркебаевтың айтуынша, мемлекеттік комиссияның алдын ала қорытындысына сәйкес, оқиғаларды ұйымдастырушылардың бірі «қоғамдық ұйымның жетекшісі Қадыржан Батыров пен оның бірнеше жақтасы» болған.

«Мамыр айында Жалал-Абад қаласында болған тәртіпсіздіктерді дәл осы Қ. Батыров арандатқан. Бірақ ол мұнымен тоқтамай, келесі кезең Ош қаласы болды. Бұл қайғылы оқиғалар осы арандатушылардың мойнында. Қазір Қ. Батыров іздеуге жарияланды, басқа ұйымдастырушылардың біразы қамауға алынды», - деді мемлекеттік комиссияның төрағасы.

А. Эркебаевтың пікірінше, «құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктердің алдын алуға дайын емес еді, милиция қызметкерлерінде қорғаныстың қарапайым құралдары да болмаған».

Мемлекеттік комиссияның жетекшісі оқиғалардан кейін «өзбек ұлтының 15-20 мың өкілі Қырғызстаннан Өзбекстан мен Ресейге кетіп қалғанын» хабарлады.

Мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысын толығымен 10 қырқүйекте жариялауды жоспарлап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364