Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 10 Мамыр, 2009 сағат 22:00

Обама Қазақстанға биыл келеді, Назарбаев АҚШ-қа 2010 жылы ресми сапармен барады

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – АҚШ президенті Барак Обама Қазақстанға сапармен биыл келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрама Штаттарға сапары 2010 жылға жоспарланып отыр. Алайда қазірдің өзінде Қазақстан басшысы Америка жағынан біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезінде өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке шақыру алды. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен келіссөздер жүргізген ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтонға сапары туралы мақалада хабарлайды. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз АҚШ президенті Барак Обаманы өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға келіп-кетуге шақырамыз. Сондай-ақ, 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарын ұйымдастыру жоспарланып отыр, ал қазір біздің еліміздің басшысы ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке шақыру алды», - деген М. Тәжиннің сөзіне аталған басылым сілтеме жасап отыр. Вашингтонға сапарының қорытындысын шығара  келіп Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы: «Біздің президентіміздің 2010 жылы АҚШ-қа баратын сапары Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіндігіне байланысты да аса маңызды деп ойлаймыз. Кездесулер барысында жоғарғы деңгейдегі байланыстар тақырыбы нақты талқыланды", — деп атап көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340