Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6379 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 10:42

НАЗАРБАЕВ: "ҚАЗАҚТАР ЕШҚАШАН ҚАЗІРГІНДЕЙ ӨМІР СҮРГЕН ЕМЕС"

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде қарыштай ілгерілеп, әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енді деп мәлімдеді.

Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтар мен қазақстандықтар ешқашан қазіргідей өмір сүрген жоқ. Кеңес кезеңінің өзінде қазіргідей білім мен денсаулық саласындағы жетістіктерге қол жеткізген емес», - деді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан сәттен бастап, елде екі миллион жұмыс орны ашылған. Өткен 25 жылдың ішінде кедейшілік шегінде өмір сүретіндер саны 40 пайыздан 3 пайызға дейін төмендеген. Назарбаев елдің жалпы ішкі өнімі 1991 жылдан 2014 жылға дейін 20 есе өсіп, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстың ұлғайғаны туралы деректер келтірді. Қазақстанның алтын-валюта қорының көлемі 95 миллиард долларды құрайды деді президент.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан экспортының негізгі бөлігін құрайтын қуат көздері мен металл бағаларының құлдырауына байланысты, экономикалық қиындықтарға ұшырады.

Ал, Қамшы порталының gazeta.kz-ке сілтеме жасап жазған мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның қазіргі жағдайы әлемдегі ең кедей Чад республикасы мен Африканың ахуалымен теңескен.

Соңғы девальвациядан кейін Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы аспанға шарықтап кеткені туралы осыған дейін жазылған болатын. Бұл да халықтың қалтасына салмақ түсіргені жасырын емес. Теңге  бағасы 40 пайызға құнсызданып, қаржылық қиындық қос өкпеден қысқанда қарапайым халық қайтерін білмей қалғаны да шындық.

Оның үстіне, Ұлттық Экономика министрлігі, статистика комитетінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы тамызбен салыстырғанда 3,5%-ға өскен.

Естеріңізде болса, нан бағасы 300 теңге болсын деп парламенттегі Қоңыровтың баласы қоңырсытқаны туралы қазақстандық БАҚ жарыса жазған болатын. Былай қарасаңыз, Қазақстанда нан бағасын өсіруге еш негіз жоқ та. Бидай өзімізде өсіріледі. Ұн шығарамыз. Тіпті, сол ұн мен астықты экспорттаймыз да. Соның сыртында, 17 млн халықты асырау үшін өндірілетін ұнның 20 пайызы жетіп артылады-мыс. Ал қалған 80 пайызы сыртқа сатылады.

Бір бөлке нанның құны – Норгевияда 705 теңгеден басталса,  АҚШ-та 644 теңге, Оңтүстік Кореяда 537 теңге,  БАӘ-де 205 теңге.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда мұнай өндірумен нақты 50 мыңнан астам адам шұғылданады. Ал мұнайға қызмет көрсету саласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Яғни, ғылыми зерттеу жұмыстары, құрылыс нысандары, ас-суы, логистика, бұрғылау, скважинаны дамыл-дамыл жөндеу жұмыстары, жер асты жөндеу, құрал-жабдықтар жеткізу сынды осы секторға қатысты қыруар жұмысқа 300 мыңнан астам адам тартылып отыр. 300 мың адамның отбасы бар дейік, әрқайсының 2-3 баласы жоқ дегенде бар. Яғни, 1 миллион 200 мыңнан астам адам мұнай-газ секторының арқасында ел қатарлы еңбек етіп, отбасын асырайды деген сөз. Ендеше қаржылық қиындық, жаһандық дағдарыс дегенге Қазақстан пысқырып та қарамайтын  жағдайда болуы керек еді ғой.

Ал соңғы девальвациядан кейін Қазақстанда азық-түлік өнімдері бағасының өсуін енді тоқтату қиын болатыны сөзсіз. Ішкі себеп – ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқарып, халық санының өсуі. Ал халықтың кірісі азық-түлік өнімдерінің бағасына сай көбейіп отыруы - екіталай. Бұл жағдай негізінен ұн мен нанды талғажау ететін отбасылардың көбеюіне душар етті. Осыдан кейін Қазақстан әлемнің ең кедей мемлекеттерінің қатарына қосылмай қайтеді?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290