Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2657 0 пікір 18 Тамыз, 2010 сағат 09:10

Air Astana жыл сайын шетелде 60 қазақстандық ұшқыш даярлауды жоспарлап отыр

Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ - Air Astana жыл сайын шетелде 60 қазақстандық ұшқыш даярлауды жоспарлап отыр, делінген әуе компаниясының сәрсенбі күні таратқан хабарламасында.

«Ұлттық әуе тасымалдаушы мен ұшқыштарды дайындайтын колледж (PTC) ұшқыштарды бастапқы оқыту бағдарламасы (ab-initio) шеңберінде кадеттерді оқыту бойынша келісімшарттың мерзімін ұзартты. Еуропадағы озық жаттығу орталықтарының бірі болып табылатын, Уотерфорд (Ирландия) және Мельбурн (Флорида штаты, АҚШ) қалаларында жаттығу базалары бар PTC-де Air Astana үшін жаңа 60 кадет оқитын болады», - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, бұл шешім ұшқыш кадрларының жетіспеушілігі мәселесін шешіп, ұлттық тасымалдаушының флотын 2022 жылға қарай 50 ұшаққа жеткізуге жағдай жасайды. Әуе компаниясының болжамына сәйкес, 2012 жылы Air Astana 300 жоғары білікті ұшқышты қажет ететін болады және жыл сайын кадрларға деген сұраныс геометриялық прогрессия бойыша өсе береді. «Осыған байланысты әуе компаниясы қазақстандық ұшқыштарды оқыту бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі оқыту жобасының бастамашысы болып отыр, ол тасымалдаушыға өз штатын жергілікті кадрлардан ғана құруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Қатысушыларды іріктеу тұрақты түрде жүргізіледі. Қазақстанның физика мен математиканы жақсы білетін, денсаулығы мықты 18-29 жас аралығындағы кез-келген азаматы бағдарламаға қатысып, Air Astana командасына мүше бола алады. Бүгін 8 адамнан құралған алғашқы топ колледждегі оқуын бітіріп, екінші ұшқыш ретінде Air Astana ұшақтарының штурвалына отырды. Қазіргі уақытта Флоридада ұшқыштарды даярлау орталығында 30 кадет оқып жатыр.

РТС басқармасының төрағасы Майк Эджворт  Air Astana президенті Питер Фостермен келешектегі ынтымақтастық мәселесі жөніндегі сұхбат барысында «біздің ависеріктестерміз, оның ішінде  Air Astana, колледжге көптеген себептермен басымдық береді», деп айтты. «Себебі РТС ең жаңа заманауи авиациялық электрондық жабдықтармен жабдықталған. Ұшу оқу мекемесінің кадеттеріне 40 заманауи ұшақ пен ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай сабақ жүргізетін тәжірибелі инструкторлар қызмет көрсетеді».

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметтерінше, авиакомпания мен РТС арасындағы келісімшартты ұзарту аясында бұдан былай ab-initio бағдарламасымен ұшқыштарды дайындау бойынша үміткерлерді іріктеу тікелей колледжде жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл үміткерлерді тәуелсіз бағалау мен іріктеу стандарттарын жаңа биікке көтеру болып табылады».

Air Astana - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен ағылшындардың «BAE Systems» компаниясының тиісінше 51% және 49% үлеспен құрған бірлескен компаниясы.

Бүгінге Air Astana авиакомпаниясының әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, F50 ұшақтарынан тұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3326
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6058