Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6989 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 11:05

ЕРМАКТЫ ӨЛТІРГЕН - СӘТБЕК БАТЫР

1584 жылы көктемде Ертіс жағасын мекендейтін Уақ тайпасының батыры Сәтбек қыстаудан көктеуге көшіп келе жатады. Өзі сүзек дертіне ұшырап әзер беті бері қараған, әлі толық сауыға қоймаған кезі екен. Жолай бәйбішесінің ауылына соқпақ болғанда жол бойында шашылып жатқан 17 өлікті көреді. Ішінде бәйбішесі, жақын туыстары бар екен. Сәтбек батыр бұл атышулы Жармақтың (Ермактың) ісі екенін біліп қалайда кек алуды ойлайды. Көшті тоқтатып, марқұмдарды жерлеуге қалдырады. Өзі баспалап қараңғы түсе бәйбішесінің ауылына келеді. 

Сөйтсе Жармақ қасындағы сегіз қарақшысымен үйінде шалқып отыр екен. 15-16 жастардағы қызына ет астыртып жатыпты. Иті иесін танып үрмейді. Қарақшылардың ұйқтар алдында сыртқа шығуын тосып, бірінен кейін бірі сегізін қылышпен шауып өлтіреді. Ең соңынан Жармақ шыққанда шапқан қылышы тайқи тиіп, бір қолын салбыратып тастайды. Ана дәу өте қарулы екен, алыса кеткенде Сәтбекті астына басады. 

Сәтбек те бой бермейді, бірақ сүзектен тұрған кісіде қаншалықты әл болсын. Бір кезде қызына: "Итті босат!" деп айқай салыпты дейді. Арсылдап аласұрған ит босасымен иесін қорғап Жармаққа ауыз салғанда ол жақын жердегі Ертіске қарай тәлтіректеп тұра қашыпты. Сәтбек батыр артынан қуғанда Жармақ суға қойып кетіп, жалғыз қолымен жүзе жөнеледі. Алайда арғы жағалауға жете алмапты. Орыстар бір айдан соң судан Жармақтың сүйегін тауыпты. Сәтбек батыр сөйтіп қазақтың кегін қайтарыпты дейді. 

Менің баяндауым ертеректе Қаратай деген кісіден естіген әңгіме. Оның анық емес тұстары да бар шығар. Білуімде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында "Сәтбек батыр" жырының қолжазбасы болуға тиіс. Сонда осы оқиға толық баяндалады.

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596