МИГРАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР
2016 жылдың жарты жылында елімізден 16 742 адам көшіп кеткен.
Олардың дені Ресейге қоныс аударған. Нақты саны - 14 512 адам. Белоруссияға – 162, Өзбекстанға - 81, Украинаға – 27 адам көшкен. Бұл – ТМД аймағындағы миграция.
Басқа бағытты алатын болсақ, 1212 адам – Германияға, 129 адам – АҚШ-қа, 105 – адам Канадаға, 58 адам – Израильге, 47 адам – Польшаға көшкен көрінеді.
Аймақтар бойынша қарайтын болсақ, ең көп адам Қарағанды облысынан үдере көшкен.Олардың қарасы – 2890. Қостанайдан – 2413, Павлодардан – 2222, Алматыдан - 1640, Шығыс Қазақстан облысынан – 1536, Солтүстіктен Қазақстан облысынан –1334, Ақмоладан – 1192, Батыстан – 931 адам сыртқа қоныс аударған.
Елден кеткендердің ішіндегі қандастарымыздың үлес салмағы 4-5 пайыз мөлшерінде.
Ал енді елге кім қоныс аударып келіп жатыр?
2016 жылдың жеті айы ішінде Қазақстанға 17023 адам көшіп келген. Олардың 10620-сы қазақ.
Елімізге қоныс аударғандардың 6298-і Өзбекстаннан (оның ішінде қазағы - 3626). Қытайдан 5728 адам келген (қазағы - 5700), Ресейден - 2052 (қазағы - 479), Қырғызстаннан - 936 (қазағы - 66), Түрікменстаннан - 363 (қазағы - 352), Моңғолиядан - 293 (қазағы - 277), Тәжікстаннан - 199 (қазағы - 18), Әзірбайжаннан - 195, Ауғанстаннан - 128 (қазағы - 102), Грузиядан - 111.
Мәліметтер Ішкі істер министрлігінің деректерінен алынды.
Айдос Сарымның Facebook-тегі парақшасынан алынды
Abai.kz