Шығыс Қазақстанда жеке аулаларда 17 тонна шөпті өрт жалмап кетті
Өскемен. 19 тамыз. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанның жеке аулаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 17 тонна шөпті жалын жалмап кетті, деп хабарлайды ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
«Бір өрт оқиғасы Шемонаиха ауданының Зевакино ауылында тіркелді, жеке аулада 10 тонна мая өртеніп кетті. Басқа өрт Глубоков ауданының Кожохово ауылында тіркелді. Алдымен шаруашылық құрылыстар өртенді, кейін жалын шөпке жайылды, 7 тонна шөп өртке оранды», - дейді департаменттегілер.
Екі жағдайда да ТЖ-ға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған, соның ішінде шөпті тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарға жақын жерге үйіп қою, ауыл шаруашылық техникасында ұшқын өшіргіштердің болмауы бар.
«Біз шөп өртену оқиғаларын күнде тіркеп отырамыз, жаз басталғалы бері 200 тонна шөп жанып кетті», - дейді департаменттегілер.