ТМРА жыл соңына дейін жылуға деген тарифтер көтерілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды
Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төраға орынбасары Анатолий Шкарупа жылу энергиясы үшін тарифтердің көтерілу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Ол қуат өндіруші кәсіпорындардың шығындарының қымбатшылығына байланысты 2010-шы жылдың басында олардың қызмет құны көтерілгенін еске салды. «Тарифтердің өзгеруінің негізгі екпіні жыл басында болды. Қазір бізде жылу қуатының тарифтерін өзгерту мәселесі тұр, оның негізгі себебі – қуат тасымалдаушыларының қымбаттауы. Бұл мәселе әлі қаралып жатыр», - деді ол бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
А.Шкарупа коммунальдық қызметкер тарифтердің мүмкін боларлық көтерілуі үкімет бекіткен шектің мөлшерінде болады деп сендірді. Яғни тарифтердің өсуінің инфляцияға қосар үлесі (2010-шы жылға 6-8% дәлізінде жоспарланған – ҚазТАГ) 1,43%-дан аспайды. Оның мәліметтерінше қаңтар-маусымда аталған көрсеткіштің инфляцияға қосоқаны 0,7-0,8% болды.