Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2814 0 пікір 23 Тамыз, 2010 сағат 09:56

БТА банктің жаңадан үш тәуелсіз директорлары сайланды

Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ - «БТА банк» АҚ-ның кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен банктің үш тәуелсіз директорлары сайланды. Бұл туралы ҚазТАГ-қа банк баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл ретте банктің директорлар кеңесінің мүшелері - 46 жасар Қайрат Әйтекенов пен 45 жасар Ерлан Тәтішевтердің құзыреттері аяқталды. Банктің тәуелсіз директоры Ульф Вокурка да өзінің құзыретінің 2010-шы жылдың 18-ші тамызынан бастап аяқталғаны туралы мәлімдеді.

Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз мүшелігіне 55 жасар Пронк Лео Мартен мен 43 жасар Кристоф Шефбек кредиторлардың директорлар кеңесіндегі өкілдері болып тағайындалды, сондай-ақ 35 жасар Болат Бабенов тәуелсіз директор болып тағайындалды.

Л. М. Пронк бұрындары FortisGroup компаниясының Ресей мен Украинадағы өңірлік менеджері болған.

К.Шефбек ресейлік «Райфайзенбанк» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі әрі операциялық директоры болған.

Б. Бабенов Қазақстан қор биржасының (KASE) вице-президенті болған.

БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде үшінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 тамызында банктің активтері Т1,76 трлн, жеке капиталының дефициті Т1,63 трлн құрады. Аталған кезеңде банктің таза шығыны Т75,7 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды.

2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті. 2010 жылдың 8 сәуірінде «БТА Банк» кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау шарттары туралы келісімге қол қойды. 2009 жылы банк $4 млрд соманың міндеттемелерін өтеуге тиіс болатын. Қарыздар бойынша дисконт 60-82,25% көлемінде жоспарланып отыр. Кредиторлар банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарын 2010 жылдың 28 мамырында қолдаған. 2010-шы жылы 20-шы тамызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі облигацияларға алмас ретінде 44,176 млн қарапайым акцияларын орналастыратынын жариялады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379