Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3290 0 пікір 24 Тамыз, 2010 сағат 06:15

Жамбыл облысының әкімі өңірлік білім беру саласында түбегейлі өзгерістер қажет деп есептейді

Тараз. 24 тараз. ҚазТАГ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыстық білім беру басқармасына, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау үшін, тестілеудің арнайы ережесін дайындауды тапсырды. Ол сондай-ақ қалыптасып қалған сүрлеу жолмен жүрмей, қасаң болып қатып қалған стереотипті «бұзуға» шақырды.  

«Облыс әкімдігіне тағайындалған алғашқы күннен бастап облыстағы білім берудің барлық жүйесіне талдау жасай отырып, мен осы салада түбегейлі өзгерістер қажет деген қорытындыға келдім», - деді ол сейсенбі күні Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз  кеңесінде.

«Өкінішке қарай, көптеген мектеп директорлары құқықтық нормативтік құжаттарды толық білмейді, мұғалімдердің сабақтарына бармайды, оқу процессіне қадағалау жүргізбейді. Кейде мектеп директорлары өзінің мамандығы бойынша сабақ жүргізбей, үйірме сабақтарын жүргізу фактілері бар. Мен оны дұрыс емес беп санаймын», - деді әкім.

Жамбыл мектептерінің директорлары мен оқу меңгерушілеріне енді білім беру саласындағы құқықтық-нормативтік құжаттарды, педагогика мен психология ғылымының, басқару теориясы мен менеджмент негізін білу деңгейін тексеру бойынша тестілеуден өтуі тиіс.

Одан басқа, облыс әкімі облыстық білім беру басқармасына мектептерде білім беру қызметінің сапасын бақылау бойынша арнайы ереже дайындауды тапсырды. «Сондай-ақ қалалық және аудандық білім беру басқарма бастықтарының жұмыстары талдқыланып отыруы тиіс», - деді ол.

Жамбыл өңірінің басшысы білім беру саласындағы жетекші қызметке кадр іріктеуде талапты қатайтып, үміткердің тек кәсіби сапасын ғана зерттемей, адамгершілік қасиетіне де мұқият қарау керек деп есептейді.

«Білім беру қызметінің сапасын тексеріп тұруды ұйымдастыру қажет, ал тексеру нәтижелерін жергілікті басқару органдарына тиісті шешім қабылдау үшін беріп тұру керек. Олар мекеме басшыларының қызметіне сай келетіндігі жөнінде мәселе қарап, шешім қабылдауы тиіс», - деп тұжырымдады Қанат Бозымбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381