Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3454 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 14:55

ОҚО-ның туристік мүмкіндіктерін аустриялықтар жоғары бағалады

ОҚО-ның туристік мүмкіндіктерін аустриялықтар жоғары бағалады. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің «Фейсбук» желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының Аустрияға іс-сапары аясында оңтүстік өңірдің туристік мүмкіндіктері таныстырылды, соның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арнайы әзірленген үш және бес күндік туристік маршруттар ұсынылды.

Таныстыру рәсімі Аустрияның бірнеше қалаларында өткізілді, атап айтқанда Вена, Грац (Штирия Федералды жері) қалаларында, Клагенфурт және Филлах (Каринтия Федералды жері) қалаларында.
Іс-шараға 60-тан астам туристік операторлардың өкілдері қатысты, олардың арасында жыл сайын 5 миллионнан астам туристерге қызмет көрсететін «Broker travel», «IQ travel», «OKG», «HYDROAL PINE», «Premium health solutions», «Orion-Reisen» өкілдері болды.

Сонымен қатар таныстырылымға алдыңғы қатарлы консалтингтік компаниялар өкілдері қатысты.
Жалпы алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті аустриялық туроператорлардың үлкен қызығушылығын туындатты. Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ontustik tourism center» туристік-ақпараттық орталығы мен ірі туристік ұйымдар арасында ақпарат және туристер алмасу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524