Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2731 0 пікір 24 Тамыз, 2010 сағат 06:30

ШҚО әкімі президентке қыс басталғанша көктемгі су тасқынынан зардап шеккен барлық әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге уәде берді

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Президент әкімнің биылғы жылдың 7 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есебін тыңдады.

«Кездесу барысында көктемгі су тасқындарының салдарын жою шаралары туралы айтылды. Тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқаны айтылды - қыс басталғанша барлық нысандар пайдалануға беріледі», - делінген Ақ орда сайтындағы хабарламада.

Сондай-ақ, әкім мемлекет басшысын алда өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының 7 форумына дайындық барысынан хабардар етті.

«Ел президентінің халықтың әл-ауқатын арттыруға, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындауға бағытталған тапсырмаларының бәрі орындалады»,  - деді Б.Сапарбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383