ОҚО, Ордабасы ауданында 31 жоба қаржыланбақ
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық инфрақұрылымды дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 2016 жылы ІІІ траншпен Бағдарламаның 1 бағыты ауылдық инфрақұрылымды дамыту жобаларды қаржыландыру үшін біздің ауданға жалпы 260 млн. 819 мың теңге бөлінді, ал 28 млн. 980 мың теңгесін облыстық бюджеттен (10 пайыздық қоса қаржыландыру) бөлу көзделіп отыр. Бұл қаржы әр ауыл округіндегі халық санына байланысты бөлінді. Осы мақсатта аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен барлық ауыл округі әкімі аппараттары бөлінген қаржыларына байланысты 31 жобаға құжаттар дайындап, ауданның салалық бөлімдеріне тапсырып, ауданның салалық бөлімдері (білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері облыстық салалық басқармаларының талаптарына сәйкестігін тексеріліп, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылды. Осы жобаларды іске асыру барысында жергілікті 110 азаматты жұмыспен қамту көзелуде, оның 63 азаматы жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасына қатысушылар.
Жалпы 31 жобаның:
- 2-і білім саласы;
- 4-і мәдениет саласы;
- 3 жоба спорт саласы;
- 22 жоба коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы (1 жоба көшелерді жарықтандыру, 5 жоба ойын алаңшалар, 16 жоба аяқжол).
Одан бөлек елді мекендердің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Темірлан ауылындағы 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 118 млн. 511 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі таңға аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, жобаларды іске асырып, аяқтау осы жылдың қараша айында жоспарланды
Abai.kz