Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3539 0 пікір 24 Тамыз, 2010 сағат 13:47

Ауыс – түйіс басталды…

Астана елдегі басқарушы биліктегі күзгі өзгерістерді бастап жібергенге ұқсайды. Кеше 23 тамыз күні президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Нұртай Әбіқаев мырзаның ҰҚК і төрағалығына бұл екінші рет тағайындалуы болып отыр. Деректерге қарағанда, 1998 жылдың қыркүйегінде Әлнұр Мұсаевтан кейін қауіпсіздік комитетін басқарған Нұртай Әбіқаев 1999 жылғы тамыз айында қызметінен кетуге мәжбүр болыпты...

Нұртай Әбіқаев екі мәрте (2000-2002 ж.ж., 2008-2010 ж.ж.) сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, президент әкімшілігінің жетекшісі (2002-2004 ж.ж.), Сенат төрағасы (2004-2007 ж.ж.) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2007-2008 ж.ж.) қызметтерін атқарған.

Нұртай Әбіқаев мырза екі тізгін, бір шылбырын қолына алған ҰҚК нің жұмысы мен өз ішінде қандай өзгерістер болатынын мәртебелі уақыт айқындар.

Сонымен, жұрт жылда күтетін билік эшалонындағы биылғы өзгерістер қоңыр күздің жабығынан сығалап тұрған өліара шақта басталды...Келесі кезек кімдікі?

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354