Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3696 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 11:15

«Қазақтелеком» ҚР президентіне EV-DO технологиясы негізінде сымсыз қосылу жүйесін құрудың пилоттық жобасын ұсынды

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ - «Қазақтелеком» АҚ мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қостанай облысына сапары барысында EV-DO технологиясы негізінде сымсыз қосылу жүйесін құрудың пилоттық жобасын ұсынды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылды жерлерде интернетке кең жолақпен қосылуды (КЖҚ) ұйымдастыру CDMA-450 стандартындағы базасында сымсыз байланыс желісін құру бойынша жобаның екінші кезеңі болып табылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде ауылдық жерлерде байланыс тапшылығы жойылады. Сымсыз қосылудың құрылып жатқан желісі ауылдық жерлер мен қалалықтардың арасындағы ақпараттық теңсіздік проблемасын шешуге көмектеседі, делінген хабарда.

Қостанай облысында пилоттық EV-DO жоба бірден үш ауданда: Қостанай, Меңдіқара және Сарыкөл аудандарында іске асырылып жатыр.

EV-DO (Evolution-Data Optimized) стандарты қолданыстағы CDMA 2000 ұялы байланыс желісінің базасында және цифрлық мәліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерін пайдалану арқасында іске асырылуда. Технология мәліметтерді өте шапшаң беру мүмкіндігінің арқасында интернетке қосылудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Интернетке қосылудың ең үлкен жылдамдығы  - 3 Мб/с,, орташа жылдамдығы - 600 Кбит/с,  ол дегеніңіз үшінші буын (3G) стандарттарына сай келеді деген сөз.

CDMA (Code Division Multiple Access) стандарты 450 МГц диапозонындағы жиілік стандарттарын пайдаланады, каналдарды код арқылы ажырата отырып көп станциялық қосылу технологиясына ие.  Базалық CDMA-450 станциясының қамти алатын аумағы 25-35 шақырым. Ол 1000 абонентке дейін қызмет көрсете алады.

«Қазақтелекомның» мәліметтерінше, ауылдық жерлердегі сымсыз байланыс жобасын енгізудің алғашқы кезеңінде Қазақстанның перспективалы барлық ауылды жерлері телефондандырылып, 392 базалық станция орнатылып, 232 мың ауыл абонемент телефонға қосылып, ауылды жерлердегі телефон тығыздығы 100 тұрғынға 13,6 көрсеткішіне жетті, ауылдық жерлердегі абоненттер саны 2010-шы жылғы сәуір айында  1 млн адамға жетті. Желімен қамту республика территориясының 60%-ын қамтиды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5355