СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША СӘЛӘФИ ДЕГЕН КІМ?
Салафи деген, қазір жұрт түсінігінде көрер көзге, қысқа балақ, сақалы бар, мұрты жоқ, Алланың көркем есіміне "х" деген жалғау жалғап, сөйлейтін, орамал деп айтуға арланатын, əжелеріміз киген кимешекті мынау "хиджап" деп елдің миын қатыратын (қазақтың ұлттық киімдерінен жиренсе, 40-градус аязда джуппемен жүріп көр деу керек, боғымен қоса қатып қалар еді) адамдар.
Олар молаға барып құран оқыса дұрыс емес деп, дастарханда қол жайып бата жасамайтын, молаларды ширк деп қирататын, əруақ деген сөзден шошитын, ислам жолында шахиттың жолын түсінбей, өзін -өзі жарып жіберетін адам. Олардың арасында əйелдері көзін ғана көрсетіп қап-қара киінетіндері да бар. Сəлаф деген ата-бабаңның жолы деп, қазақтың ата-бабасы емес, арабтың ата-бабасының дəстүрлі жолын насихаттайды.
Біз қандай ұлтпыз деп ойланбаса, діни түсінік пен ұғымды қай жақтан алып келсе, сол жаққа көшіп кетпей ме екен. Сонда, құда да құдағи да тыныш болар еді. Қазақтардың миын неге қатырады, қазақтың əрбір үйі 1953-жылға дейін мешіт болған. Басың сəждеге тиіп, құбылаға қараған бетің, өз мешітің. Əйелдің өз үйінде оқыған намазы 27-есе сауапты деп еді. Баяғыда жан-жақтан ислам діні үйренем деп шет елден білім алғандарға, бір кісі айтып еді, қызықтың көкесі олар бітіріп келгесін болады деп.
Əр жаққа барып оқып келгендер, оқығандарымен қоймай, сол жақтың дəстүр-салтын игеріп, өз қазағынан тықпалап қоймады. Қазақтың ата-бабасынан келе жатқан ислам дінін өзгертем деушілер көбейіп, енді жұрт, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін білмей қалды. Ақшаға бола, қазақы діни түсінікті талқандағысы келетіндердің əрекеті, қаншама діни түсінігі жоқ адамдарды қаражатқа мəжбүрліктен осы бағытқа икемдеуде. Бірақ, ана дүниеде ақшаға ұлтынның ұстанған діни жолын сатқанмен бірдей емес пе екен? Тізгінді қазірден қолға алмасаң, не болатынымыз, Аллаға аян...
Айгүл Елшібаева
Facebook-тегі парақшасынан