Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5608 1 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 12:31

ШАРУАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫН НЕСИЕ КӨБЕЙЕДІ

Шаруалар ауылшаруашылық кооперативтеріне біріксе немесе өздерінің жеке қосымша шаруашылықтары базасында шағын тауарлы өндіріс ашатын болса, 7 жылдық мерзіммен 16 млн. теңге алу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге арналған шағын несие көлемі үш есе өсуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Palata.kz тілшісіне сұхбат берген министр микронесиелендіруге егжей-тегжейлі тоқталып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2016 жылы шағын несиенің ең жоғарғы көлемі 6 млн теңгеге тең болғанын еске салып өтті. Мұндай несиелер қазір пилотты режимде бес облыста: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында ұсынылуда.

«Қазір ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында шаруалар ауылшаруашылық кооперативтеріне біріксе немесе өздерінің жеке қосымша шаруашылықтары базасында шағын тауарлы өндіріс ашатын болса, 7 жылдық мерзіммен 16 млн теңге алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді министр.

Жалпы алғанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі келтірген мәлімет бойынша, биылғы жылы микронесиелендіруге «30,8 млрд теңге бөлінген».

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсетіп отырғандай, бағдарламаға қатысушылардың 79%-ы микронесиені ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына пайдаланады екен, өйткені ол ауылдықтар үшін түсінікті және қолжетімді бизнес. Сондықтан осы жылы ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуді және жеке қосалқы шаруашылық базасында шағын тауарлы өндіріс құруды ынталандыру үшін, шағын несиелердің көлемін 6 млн теңгеге дейін арттырдық», – деді Тамара Дүйсенова.

Үкіметтегілер кооперация «жем-шөп дайындау және өнімдерді өткізу мәселелерін бірлесіп шешуге, еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге, соған сәйкес, ауылдастары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға» көмектеседі деген үмітте. «Бұл мақсатқа бөлінген жалпы соманың 10 млрд теңгесі бағытталды», – деді министр.

Осы жылы микронесиелерді 9 мың қазақстандық алады деп жоспарланып отыр, соның есебінен кәсіпкерлер қосымша 12 мың жұмыс орнын ашпақ. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметтер бойынша, 6 834 микронесие беріліп үлгеріпті, соның 89%-ы ауыл шауашылығында пайдаланылған.

Бұдан бөлек, жұмыссыз тұрғындардың арасынан жеке кәсіпкерлер дайындап шығару жұмыстары жалғасып жатыр, олар да жеңілдігі бар микронесие иелене алады.

Жанар Сердалина

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467