ЖҰМЫС ІЗДЕГЕН ЖАС, «МҮМКІНДІКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ» КЕЛ!
15 қараша - әр жастың қиялы шындыққа, арманы жүзеге, мақсаты іске асатын күн. Өйткені дәл осы күні, Алматы қаласында «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» атты еңбек жәрмеңкесі өтпек, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
«Болашақ» Республикалық Қозғалысы мен «Жастар Үні» ЖҚБ Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырып отырған бұл жоба талай жасқа жаңа өмір жолын ашатыны сөзсіз!
Алматы 2 миллион халыққа пана болған алып шаһар. Қалаға ай сайын урбанизация әсерінен 20 мың адам қоныс аударады. Соның 80% екі қолға бір күрек іздеп келген ауыл жастары. Олардың басым көпшілігі өз жоспарындағы қызметке орналаса алмайтындығы да жасырын емес. Жұмыссыз жастың, қызметсіз азаматтың көбеюі – наразы көңіл-күйдің артуы деген сөз. Бұл мемлекетті ғана емес, сіз бен бізді де алаңдататын жағымсыз фактор. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті барлығымыз бөлісе атқаруға тиіспіз.
Жұмыссыз жүрген жастың барлығын жұмыспен жарылқамасақ та, жол сілтеп, бағыт-бағдар көрсетуді парыз санағандықтан, 15 қарашада «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» атты еңбек жәрмеңкесін өткізуді құп көрдік. Еңбек жәрмеңкесі «Болашақ» Республикалық Қозғалысы мен «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтеді. Жәрмеңкеге қаламыздағы ең ірі әрі ең үздік 100-ге тарта компания қатыспақ.
Жұмыс іздеген жас, "Мүмкіндіктер жәрмеңкесіне" келіп бағыңды сына!
Бәлкім іздеген жұмысыңды табарсың!
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz