Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5074 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 10:54

МЫҢБАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ: 30 ОРЫНБАСАРЫ ЖОҚ ЕКЕН

 Оқырманның есінде болар, осыдан бірер күн бұрын ғана «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың 30-ға жуық орынбасары бар екендігін жазған едік.

Басқарушылық корпустағы 3 атқарушы вице-президент, 11 аға вице-президент, 8 қатардағы вице-президент және 6 басқарушы директордың бірсыпырасы билікте жүрген «Сәкелер» мен «Бәкелердің» балалары дедік.

Мыңбаевтың "мыңғырған орынбасарларының" арасында еліміздің экс-Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ұлы, кезінде білім беру вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың баласы, Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің туған інісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Серік Әбденов бар екен-мыс.

Аталған ақпарат қоғамда қызу талқыға түскен. Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұны теріске шығарып: "Бір қатар республикалық БАҚ-тарда, ұлттық компанияның ұйымдық құрылымына қатысты, атап айтқанда топ-менеджерлер санының көбеюі туралы қате мәліметтер жарияланғанын хабарлаймыз" деді. Хабарламада былай делінген:

Келесідей ақпаратты хабарлауды қажет деп санаймыз. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымы бойынша С.Мыңбаевтың тікелей қарамағында:

  1. Өндіру, мұнай барлау және мұнай-сервистер бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  2. Тасымалдау, өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  3. Газ тасымалдау және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  4. Қаржы бойынша атқарушы вице-президенті – қаржы директоры (Басқарма мүшесі);
  5. Трансформация бойынша аға вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  6. Құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  7. Адам ресурастарын басқару бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  8. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша вице-президенті;
  9. Стратегия бойынша вице-президенті;

10.  Инвестиция және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімшесі;

11.  Қауіпсіздік қызметі құрылымдық бөлімшесі қызмет етеді. 

Бұның ішінде 7 басшы – Басқарма мүшелері болып табылады.

Егерде жоғарыда аталған лауазымдарды ТМД-ға дәстүрлі лауазымдар номенклатурасы бойынша қарастыратын болсақ, ҚМГ Басқарма төрағасының тікелей қарамағында:

  • 4 орынбасар - бұл 4 атқарушы вице-президент.
  • қалғандары - басқарушы директорлар - вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді. 

Жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында 89 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381