Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:49

ҚДБ мен қазақстандық бірқатар компаниялар газетке берген шағымды қанағаттандырмаған сот шешімін бұздырмашы

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Агромашхолдинг», «Компания «Биохим», «Каустик», «Ютекс»АҚ-лар мен «Silicium Kazakhstan»ар-ожданы мен іскерлік беделіне келтірген нұқсаны үшін Central Asia Monitor (CAM)газетіне берілген шағымды қанағаттандырмай тастаған Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот шешіміне аппеляциялық шағым берді, деп ҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін адвокат Ляззат Жансейтова ҚДБ мен оның алты заемшыларының САМ беттерінде шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жариялағаны үшін банк пен компанияның ар-ожданы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп берген шағымын қанағаттандырмаған Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот шешіміне аппеляциялық шағым берді», - делінген жұма күні таратылған ақпараттық баянда.

Хабарда атап көрсетілгендей, «ар-ождан мен іскерлік беделге деген құқық дегеніміз - азамат басқалардың шындыққа жанаспайтын мәліметтермен оның келбетін бұрмаламауын заңмен қамтамасыз етілген талап ету мүмкіндігі».

Бұл ретте, шағым берушілердің бағалауынша, «мақалада ҚДБ мен оның алты заемшылары арасындағы келісімшарт оның  ықпалындағы тұлғалармен жасалуы себепті қолданыстағы заңнамаға қайшы деген бір де сот шешімі, қадағалаушы органдардың актілері, қылмыстық қудалау органдарының қаулысы, немесе басқа да құжаттар келтірмеген».

Одан басқа, ҚДБ мен алты компания САМ газетінен моральдық шығын ретінде Т350 млн теңге өндіріп алмақшы. «Шығын мөлшері оның таралу шегі мен жауап берушінің айыбының формасына қарай анықталған», - дейді хабарда.

Аппеляциялық шағымда шағымданушылар сондай-ақ келесі сатыдағы сотта сот психолого-филологиялық сараптама жүргізуді талап етпекші.

«Біз осындай сараптаманы жүргізуді талап етпекшіміз, себебі САМ газетінің негізсіз айыптауларының салдарынан шағым берушілерге моральдық шығын келтірілген және аталған мекемелердің іскерлік беделіне нұқсан келген».

Бұрын хабарланғандай, Алматының ауданаралық мамандандырылған соты шағым берушілердің Central Asia Monitor (CAM) газетінің меншік иесі - ТОО Alem BG-ға берген шағымын қанағаттандырмады.

Газет таратқан ақпарат бойынша, «шағымданушылардың талаптары толық көлемде кері қайтарылып, сондай-ақ судья Мейржанова газеттің мүліктеріне бұрын салған қамауды алып тастағаны белгілі болды».

Еске салсақ, бірқатар компаниялар Central Asia Monitor газетін шындыққа жанаспайтын мәліметтер таратты деп сотқа берген. Осылай деп тамыздың 9-ында өткен алғашқы сот отырсында шағымданушылардың өкілі мәлім еткен.

ҚазТАГ шағым берушілердің адвокаты Ляззат Жанситоваға сілтемелеп хабарлағандай, «Central Asia Monitor» газеті банк пен оның қарыз алушылары туралы топтама мақалалар жариялап, «олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірді, себебі шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялады».  Сондай-ақ шағымда газет өзінің мақаладағы уәждеріне ешқандай дәлел келтірмеген деп айтылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289