Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4168 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:37

Тұрақтандыру қорының азық-түлігі қарашадан сатыла бастайды

Оңтүстіктегі тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1-қарашадан бастап сатыла бастайды. Мақсат— халық көп тұтынатын әлеуметтік тауардың бағасын шарықтатпау, халыққа тиімді бағамен ұсыну. Яғни, ұн, қант, күнбағыс майы, картоп, пияз бен сәбіздің бағасы нарықтағыдан біршама төмен болады. Облыс тұрғындары, әсіресе, шымкенттіктер тұрақтандыру қорынан сатылатын азық-түлікке әбден үйренген десек қателеспеспіз. Өйткені мұндағы баға көп балалы және аз қамтылған отбасыларына қолдау болса, екінші жағынан базардағы бағаның қымбаттамауына әсерін тигізеді. Ал арнайы көліктермен базарларға, халық көп шоғырланған белгіленген арнайы орындарға   азық-түлік жеткізу — «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жүктелген.

Жауапты мамандардың айтуынша қоймаларда өткен маусымнан қалған құмшекер, 50 тоннадай макарон өнімдері бар. Облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының қоймалары қажетті тауарлармен өңірдегі ірі компания және шаруашылықтармен түзілген келісім-шарт негізінде толығып отырады.

Алдағы қарашадан бастап азық-түлік жылдағыдай апта сайын өтетін жәрмеңкелерде сатылатын болады. Тұрақтандыру қоры бекіткен бағалар әзірге мынадай: картоп — 65 теңге, құмшекер — 220 теңге, күнбағыс майының бір литрі — 350 теңге. Жәрмеңкелер сенбі күндері Шымкентте Қажымұқан стадионы жанында және жексенбі күндері Арғынбеков көшесінің бойындағы «Рахима Плаза» сауда орталығының аумағында өтеді. Сонымен қатар, әлеуметтік бағадағы арзандатылған азық-түлік аудандарда да ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде сатылады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5553