Сайрамның сәні Тәуелсіздік жылдарында кіре бастады
ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев ауданның тыныс-тіршілігінен жиналғандарды хабардар етті. Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр.
«Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласы аудан халқының басты күнкөрісі десек, сонау егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсіп отыр. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті. Сүт өнімі 1991 жылы – 40684 тонна болса, 2016 жылы -160 мың тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті. Жұмыртқа 1991 жылы – 98500 болса, 2016 жылы – 142 мың данаға жетіп, 1,4 есеге өсті. Жүн 197 тоннадан 224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті», - деді С.Сапарбаев.
Abai.kz