Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3996 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 22:50

Мал-бас аман ба?

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласында ветеринария саласы бойынша семинар-кеңес өттi. Аталған шараға ҚР АШМ ВБжҚК төрағасының орынбасары, бас ветеринарлық-санитарлық дәрiгерiнiң орынбасары Т.Қабдулданов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Б.Омаров бастаған арнайы топ және 7 ауданнан мамандар келiп қатысты. Бұл туралы "Абай ақпарат" ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркiстан қаласы әкiмiнiң орынбасары Т.Мұсаев жүргiзген семинарда бүгiнгi таңдағы өзектi мәселелердi тұрғындармен бiрлесе отырып шешу және малдарға сырға салу, екпелердiң уақтылы егiлуi сөз болды. Жиын барысында қазiргi таңдағы ең қауiптi топалаң дертi (Сибирская язва) жайында айтылды. Түлiк таңдамайтын ауыр iндеттiң алдын алу мәселесi кеңiнен талқыланды.

Жиналғандар алдында баяндама жасаған облыстық ветеринария орталығының маманы Б.Досқожаұлы слайд арқылы ауру ошақтарын анықтаудың және күресудiң тиiмдi жолдарын айтып, елiмiз бойынша осы дерттен 3 адам қайтыс болғанын еске салды. Сонымен бiрге, аурудың алдын алу мен сауықтыру жұмыстарының жүргiзiлуi басты назарда болуы керектiгiн алға тартып, ветеринария саласы бойынша сараптау лабораториясының құжат пен өнiм сәйкестiгi де бiрiншi кезектегi мәселе екендiгiн жеткiздi.

Әбдiрахман ҚЫДЫРБЕК.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572