Америка туралы ең үздік эссе конкурсының жеңімпазы АҚШ-тың үш астанасына саяхат жасайды – ҚР СІМ
Астана. 1 қыркүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Америка туралы ең жақсы эссе конкурсының жеңімпазына Вашингтондағы Қазақстан елшілігі мен орыс тілді туристік компаниялар қауымдастығы АҚШ-тың үш астанасына тегін тур ұйымдастырады, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров мәлім етті.
«Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі орыс тілді туристік компаниялардың C1iiAқауымдастығы «Қазақстан және АҚШ - болашаққа көзқарас» тақырыбында жастар конкурсын ұйымдастыратынын жариялайды», - деді І. Омаров СІМ-дегі апталық брифингте.
«Американы аша отырып...» тақырыбындағы үздік эссе жіберген екі жеңімпазға қауымдастық «Құрама штаттардың үш астанасы: Нью Йорк -Филадельфия - Вашингтон»маршрутымен тегін тур, сондай-ақ Ниагар сарқырамасына баруды ұйымдастырады.
«Жеңімпаздар Вашингтондағы ҚР мәдени фестивалінің салтанатты жабылуы мен ҚР Тәіуелсіздік күнін тойлауға арналған қабылдауда болады», - дейді І. Омаров.
СІМ-нен хабарлағандай, конкурсқа жасы 30-ға толмаған кез келген азаматы қатыса алады.
Ол үшін эссе жазып оны келесідей электрондық адреске салулары керек - info@ russiantravelusa.comжәнеkazakhembus@gmail.com. Авторлар шығармаларына ҚР азаматтығының төлқұжатының көшірмесін қоса жіберулері тиіс.

Эссені тапсыру мерзімі 2010-шы жылдың 15-ші қазанына дейін.