Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2698 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 17:11

Облыстағы ең арзан және тәтті нан – Арыста!

Ел экономикасындағы қозғаушы күштердің бірі кәсіпкерлік екендігі белгілі. Бұл ретте аймақтың экономикасының дамуына арыстық кәсіпкерлер өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.

Осы орайда Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының қаламызда іске асу барысымен танысу мақсатында қаламыздағы бірқатар кәсіпкерлердің жұмыс орындарында болып, шығарылатын өнімнің сапасы мен ондағы жұмысшылардың жағдайымен танысты. Атап айтқанда, «Арысшпалзаводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәулігіне 70 вагонға дейін техникалық қызмет көрсетеді, «Арай» ӨК аяқ киім шығаратын цех, тәулігіне 30 пар аяқ киім тігіп шығарады, «ЖК А.Артыкова» және «ЖК Т.Пернебаева» киім шеберханалары тапсырысқа сәйкес, әр түрлі санаттағы киімдер тігумен айналысса, «ЖК Б.Сарбасовтың» диірмені тәулігіне 120 тонна бидай өңдеп, ұн шығарып Қазақстанның барлық облыстарымен қатар Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына экспорттайды. Диірмен кешеніндегі наубайхана тәулігіне 3500-4000 дана бөлке нан шығарып, өңіріміздегі ең арзан нан 35 теңгеден халық игілігіне ұсынуда.

Кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысқан шаһар басшысы М.Қадырбек кәсіпкерлердің іскерлігіне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646