Тәуелсіздік сыйы тұрғындарға қуаныш сыйлауда
Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай аталмыш мереке қарсаңында күн сайын игі шара ұйымдастыру жоспарланған. Осыған орай, бекітілген іс-шара жоспарына сай әр күні ұйымдастрылған істер түркістандықтар үшін ұлық мерекенің ұлылығын паш етуде. Сол игі бастаманың жалғасы бүгін қаладағы көпқабатты үйлер көптеп шоғырланған Сауран ықшам ауданында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ондағы мақсат тұрғындарға базар бағасынан төмен бағада күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін ұсыну.
Қалалық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде оннан астам өнім түрлері саудаланды. Жылжымалы базар бағасы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болды. Себебі, мұнда алып сатарлар емес, шаруаның өзі өндірген өнімін тікелей тұтынушыға ұсынып отыр.
Естеріңізде болса, Түркістан қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында жеке қабылдау өтіп, онда қала тұрғындарының сан саладағы талап-тілектері мен азаматтардың ауылшаруашылық мәселелеріне қатысты сауалдары бойынша жеке мәселелері тыңдалған болатын.
Аталған жиында алғашқы болып зейнеткер Жүсіпов Шынтемір ауыл шаруашылығы қатысты сұрағын жолдады. Ақсақал ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінде жер кадастрлық картаның электрондық базасын орналастырып беру бойынша ұсынысын жеткізді. Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Біздің өңірімізде де ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ілгері дамып келеді.
Abai.kz